Павлодарда перинаталдық орталық Ашық есік күнін өткізеді

Павлодарда перинаталдық орталық Ашық есік күнін өткізеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Болашақ аналарға пайдалы кеңестер ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

6 тамыз күні сағат 12:00-де Павлодар облыстық перинаталдық орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылады. Іс-шара барысында болашақ аналарға дұрыс тамақтану, бала емізу, репродуктивті денсаулықты сақтау және дәрігермен тиімді байланыс орнату тақырыптарында кеңестер беріледі.

Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, келушілер үшін уақытша кіру тәртібі өзгертілді. Қонақтар мекемеге бас кіреберіс арқылы емес, оның оң жағында орналасқан әйелдер консультациясы бөлімшесі арқылы өте алады.