Павлодарлық оқушылар құтқарушылар мінетін квадроциклдерге тест-драйв өткізді

Павлодарлық оқушылар құтқарушылар мінетін квадроциклдерге тест-драйв өткізді

Балалар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағына Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мектептің оқушылары келді. Олар құтқарушылардың жұмысымен танысып, олардың жұмыс күндері қалай өтетінін білді.

Жасақ қызметкерлері оқушыларға төтенше жағдайларға шығатын авариялық-құтқару жабдықтарын, арнайы жабдықтар мен техниканы көрсетті. Көлік құралдары балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Кездесу соңында оларға тіпті мамандардың бақылауымен қарда жүретін көлікпен және квадроциклмен жүруге мүмкіндік берілді. 

Кездесудің маңызды бөлігі профилактикалық әңгіме болды. Құтқарушылар тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін еске салып, қыс мезгілінде мұзға шығу қаупін атап өтті. Мұндай кездесулер өскелең ұрпаққа құтқарушы мамандығымен жақынырақ танысып қана қоймай, өз өмірі мен денсаулығын қорғауды үйренуге көмектеседі.