Павлодарлық педагогтер республикалық байқауда көзге түсті

Павлодарлық педагогтер республикалық байқауда көзге түсті
Иллюстрациялық фото: pixabay.com / geralt

Байқау үш кезеңнен тұрды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14-18 сәуір аралығында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РОСО РМҚК «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VII Республикалық кезеңін өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты – жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың инновациялық қызметін дамыту, шығармашылық шеберліктерін шыңдауға жағдай жасау.

– Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде педагогтер «Балдәурен» базасында 5-9-сыныптарда ашық сабақтар көрсетті. Екінші кезеңде «Шығармашылық жолдың бастауы» тақырыбында өз презентацияларын ұсынды. Ал үшінші кезеңде қазылар алқасы қатысушылардың «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбындағы эсселерін бағалады, – делінген хабарламада.

Байқау қорытындысы бойынша, Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Ахылбек ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

Сонымен қатар, павлодарлық ұстаздар ерекше номинациялармен де марапатталды: №41 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нияз Ауталипов «Заманауи ұстаз» атанса, Баянауылдық химия пәнінің мұғалімі Мавжуда Алимова «Шығармашыл ұстаз» номинациясын иеленді.