Павлодарда жаңа ауданда шағын орталық салынуда
Бұл орталық 80 баланы қамти алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Instagram-да өткен тікелей эфир барысында қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин мәлім етті.
– Алдағы уақытта екі шағын орталық ашу жоспарлануда. Олардың бірі мемлекеттік тапсырыс бойынша Достық шағын ауданында ашылмақ, – дейді Қуаныш Қыдыралин.
Орталық көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің бірінші қабатында орналасады.
Екінші мекеме мемлекеттік тапсырыс есебінен салынады. «Теремок» деп аталатын жеке меншік орталық 25 орынға шақталған.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 89%, 3 жастан 6 жасқа дейін 100% құрайды, 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды қамту 42%-ға дейін жеткізілді.
Еске сала кетейік, Достық шағын ауданында ашылатын балалар орталығы толығымен мемелекеттік тілде жұмыс істейді. Ал «Теремок» шағын орталығы қандай тілде қызмет көрсететіні әзірге белгісіз.