Павлодарлық спортшылардың қысқы Олимпиададағы қатысу кестесі жарияланды

Павлодарлық спортшылардың қысқы Олимпиададағы қатысу кестесі жарияланды
Фото: pixabay.com/adege

Төрт жылдықтың басты жарысында үш павлодарлық спортшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ХХV қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 7-22 ақпан аралығында өтуде.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, павлодарлықтар 7 және 22 ақпан аралығында өнер көрсетеді.

10 ақпан, сағ. 13:15. Шаңғы жарыстары. Спринт. Әйелдер арасында -  Дарья Ряжко.

12 ақпан, сағ. 17:00. Шаңғы жарыстары. 10 шақырым. Әйелдер арасында -  Дарья Ряжко.

14 ақпан, сағ. 16:00. Шаңғы жарыстары. Командалық эстафета 4х7,5 шақырым. Әйелдер арасында -  Дарья Ряжко.

Сағ. 20:00. Конькимен жүгіру спорты.  Командылақ жарыс: 2400 м алты айналым. Әйелдер арасында -   Арина Ильященко.

17 ақпан, сағ. 15:15.  Фристайл. Акробатика. Ерлер арасында – Роман Иванов.

Сағ. 18:52. Конькимен жүгіру спорты.  Командылақ жарыс: 2400 м алты айналым. Әйелдер арасында (финал) -  Арина Ильященко.

18 ақпан, сағ. 13:45.  Шаңғы жарыстары. Комадалық спринт, әйелдер арасында -  Дарья Ряжко.

19 ақпан, сағ. 15:30.  Фристайл. Акробатика. Ерлер арасында (финал)  – Роман Иванов.

22 ақпан, сағ. 14:00.  Шаңғы жарыстары. Масс-старт 30 шақырым. Әйелдер арасында -  Дарья Ряжко.