Павлодарлық түлектер көбінесе ІТ- мамандықтарды таңдайды
Өңірде жаңа мамандықтарға сұраныс артуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қарлығаш Асаимова мәлім етті.
– Бүгінгі таңда колледждерде педагогикалық, медициналық, техникалық және кәсіптік мамандықтарға сұраныс көп. Ал студенттер көбінесе ІТ-мамандықтарды таңдайды, – дейді Қарлығаш Асаимова.
Спикердің айтуынша, қарқын алып жатқан мамандықтардың қатарында дизайнер мамандығы да қосылған. Қазіргі таңда виртуалды дизайнер, инженер-график, веб-дизайнер, мобильді әзірлеуші мамандықтарына оқыту басталып кеткен.
Айта кету керек, бүгінде өңірде 44 колледж кадрлар даярлайды. Оның 14-і – мемлекеттік емес оқу орындары.