Павлодарлық жасөспірімдер қандай техникалық мамандықты көбірек таңдайды?

Павлодарлық жасөспірімдер қандай техникалық мамандықты көбірек таңдайды?
Фото:pixabay.com/buivuong

Оларды қазіргі таңда сұранысқа ие салалар қызықтырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша өңірлік колледждерге 6 250 грант бөлінді. Грант саны соңғы үш жылдың ішінде едәуір өсті. 2021 жылы 3 915 грант болса, былтыр 6200 білім алушы тегін оқуға түсті. 

– Бізде жонушы, дәнекерлеушілер, темір ұстасы, аспаздар бойынша қажеттілік бар. Әрине, бір уақытта, бір жылда барлық қажеттілікті жаба алмаймыз. 2025 жылы шамамен 6 700 бала оқу бітірді. Сондықтан жыл сайын жұмыс біліктіліктерінің жиынтығын толықтырамыз. Мысалы, биылғы түлектердің жартысы қазірдің өзінде жұмысшы мамандық иелері болып табылады, – деп атап өтті облыстық білім беру басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қарлығаш Асайымова.

Оның сөзінше, кешенді жоспарға сүйене отырып, облыстың колледждерінде 2025 жылы білім алушыларды тегін техникалық және кәсіптік біліммен жүз пайыз қамтуға қол жеткізу деген мақсат қойылды. Яғни, бұрын колледждерде білім ала алмаған әрбір адам тегін оқи алады. 

– Қазір колледжді тәмамдап, мамандық иесі атанған кезде бірнеше біліктілікке ие болады. Егер техник механикке бітірсе, онда ол газбен дәнекерлеушіні, газ кескіштің сияқты біліктілікке ие болады. Ал технологты алсақ, ол аспазшы, кондитер ретінде жұмыс істей алады, – деді Қарлығаш Асайымова.

Ал, дуалды оқытудың арқасында кәсіпорындар әлеуметтік серіктестер бола отырып, оқу орнымен және өздері таңдаған студентпен келісімшарттар жасайды. Үшжақты келісімнің артықшылығы балаға кәсіпорындағы жұмыс жағдайымен танысуға мүмкіндік береді. Оның арқасында түлектерді оқу бітірген кезде қайда жұмыс істеймін деген сауалы мазаламайды. 

– Биыл нысаналы тапсырыс аясында облыс колледждерінде 1770 студент оқиды. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 2500 студентке дейін арттыру жоспарланған, – деді Қарлығаш Асайымова.

Оның айтуынша, облыста техникалық мамандықтар түлектер арасында сұранысқа ие.

– Бізде колледждер альянсына 10 колледж кіреді. «ERG» компаниясының есебінен техникалық бағытқа сұраныс өсті. Дәнекерлеушілер, жонушы, темір ұстасы және орта буын мамандарына қажеттілігі бар, бірақ жастар ІТ мамандықтарына көбірек көңіл бөледі. Қазір цифрландыру ғасыры, жасанды интеллект белең алып жатыр, сондықтан барлығы  дерлік кәсіпорындар цифрландырылған. Оларда сандық бағдарламалық басқаруы бар жабдықтар қолданылуда, сондықтан жастар ІТ мамандықтарға көбірек оқуға түседі, – деп атап өтті Қарлығаш Асайымова.

Кейбір колледждердің оқу бағдарламасында техникалық мамандықтар бойынша оқыту модульдерінде ІТ профилі енгізілуде. Онда студенттер кәсіпорындарда цифрландырылған жабдықпен жұмыс істеуге қабілетіне үйренеді.