Павлодарлықтарға 8 сәуірде бетперде тағуға кеңес беріледі

Қазіргі уақытта қала ауа сапасының көрсеткіштері бойынша сары деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Павлодарда ауа сапасын 62 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы сары рейтингке қосқан орташа көрсеткіш.
– Қазіргі таңда PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейден үш есе жоғары, аталған концентария бір текше метрге 15,2 микрограммды құрайды, – дейді компания сарапшылары.
«IQAir» 8 сәуірде ашық ауада физикалық белсенділікті азайтуды, терезелерді жабық ұстауды, ауа тазартқыштарды пайдалануды және далада бетперде тағуды ұсынады.
Осындай ауа сапасы бейсенбіге дейін сақталады, жұма және сенбі күндері ауа тазарақ болады.
Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).