Биыл «Ертіс орманы» резерватында қар көп түсті
Орманшылар жауған қардың қалыңдығын өлшеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының орманшылықтарында ғылым бөлімінің қызметкерлері 95 нүктеде қар жамылғысының биіктігін өлшеді. Экспедиция нәтижелері резерват аумағындағы қардың биіктігі 20-дан 30 см-ге дейін түскенін көрсетті.
Ғылыми қызметкер Қаршыға Арыновтың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда аумақтар бойынша қар жамылғысының орташа биіктігі 15% - ға артты.
Қарды өлшеу – гидрологиялық бақылаудың бір бөлігі. Жыл сайын тұрақты бағыттар бойынша қар жамылғысының биіктігі өлшенеді.