Павлодарлық команда бірінші хакатоннан жүлдемен оралды

Жарыс Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шара «Central Asia Smart Projects» ЖШС компаниясының бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілді және АЭБУ-дың 50 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Жерлестеріміз автоматтандыру және электротехника салаларына арналған бірінші хакатонда ҚарМТУ командасынан монтаждау жылдамдығында бес минутқа қалыс қалып, үшінші орынды иеленді.
Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының командалары нақты жабдықтармен жұмыс істеуде өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – АСКУЭ және SCADA негізгі бағыттары бойынша энергетикалық жүйелерді автоматтандыру саласында жас мамандарды даярлауға жәрдемдесу.
Қатысушылар түрлі жабдықпен жұмыс істеді: алты сағат ішінде автоматты басқару шкафын қосу, PAS бағдарламасында есептегішті орнату, PCVue-де SCADA жүйесін салу және АльфаБанк бағдарламасы арқылы деректерді жіберу керек болды.
TOU командасына Владимир Деркульский, Ислам Закиржанов, Бақытбек Жұмалин және Наурызбек Серіков кірді, студенттер кубокты иеленді.