Павлодарлықтарға ертерек көмір алып қоюға кеңес береді

Павлодарлықтарға ертерек көмір алып қоюға кеңес береді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір тұрғындары ауа райының салқындауын күтпестен алдын ала көмір жинап, сатып алуы қажет, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Халықты және бюджеттік ұйымдарды уақытылы көмірмен қамтамасыз ету, сондай-ақ күзде сұраныс кезеңінде кезектілікті болдырмау үшін қала мен аудан әкімдіктері қатты отынды уақытылы дайындау бойынша қажетті шараларды қабылдауда.

Павлодар облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы көмірді сатып алудың негізгі орындарының тізімі мен байланыс телефондарын жариялады:

«А-Вест Павлодар» ЖШС, Павлодар қаласы, Товарная көшесі, 25;

«Элит кз» ЖШС, Павлодар қаласы, Шығыс өндірістік аймағы, 2;

«Северэнергоугольснаб» ЖШС, Павлодар қаласы, Товарная көшесі, 25;

«Халық көмірі» ЖШС, Транспортная көшесі, 8/21;

«Шарбақты Отын» ЖШС, Шарбақты ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 21;

«Aidabol» ЖШС, Павлодар қаласы, Товарная көшесі, 25б;

«Жалын» ЖШС, Шарбақты ауылы, Чайко көшесі, 1;

«Daman Group kz» ЖШС, Павлодар қаласы, Солтүстік өндірістік аймақ, 197;

«Ihsan Group kz» ЖШС, Павлодар қаласы, Солтүстік өндірістік аймақ, 197;

«Убунту» ЖШС, Ақсу қаласы,  Солтүстік өндірістік аймақ, 723