Павлодарлықтарға күмәнді қоңырауларға жауап бермеуге кеңес беріледі
Облыс прокуратурасында интернет-алаяқтықпен күрес әдістері талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер өкілдерінің қатысуымен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.
Талқылау барысында құқық қорғау органдары мен банктердің қауіпсіздік қызметтерінің, оның ішінде жедел ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Интернет-алаяқтықпен және басқа да қоғамдық қауіпті әрекеттермен күрес бойынша профилактикалық іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыс тобы құрылды.
Жалпы, уәкілетті органдармен бірлесіп, «кредиттік» алаяқтық фактілерінің жолын кесу және анықтау бойынша кең ауқымды профилактикалық жұмыс басталды.
Облыс прокуратурасы интернет-алаяқтықтың түрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы ескертеді:
- құқық қорғау органдарының, банктердің және ұялы байланыс операторларының «жалған» қызметкерлерінен қоңыраулар;
- онлайн-сатып алулар, оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы;
- лотореядағы ықтимал ұтыстар туралы қоңыраулар және т. б.;
- қолма-қол ақшаны көбейту туралы жалған инвестициялар.
Прокурорлар кез келген күмәнді қоңыраулар болғанда әңгімені дереу үзіп, түсініктеме алу үшін «102» нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.