Павлодарлық полиция оқушыны шегемен түрткен мұғалімге қылмыстық іс қозғады

Павлодарлық полиция оқушыны шегемен түрткен мұғалімге қылмыстық іс қозғады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға қала мектептерінің бірінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім бөлімі таратқан ақпаратқа сәйкес, бейнежазбада мұғалімнің шкафқа жақындап, бұрамашегені алып, оқушыны түрткен сәті тіркелген. Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі мұғалімді жұмыстан шығарып жіберген.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері көрінеу кәмелетке толмаған адамға күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.