Павлодарлықтарға мамандар маусымдық аллергияны емдеу жайлы түсіндіреді
Іс-шарада осы тақырыпқа байланысты ашық пікірталас өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні сағат 18:00-де аллерголог-иммунолог дәрігер Гүлмира Жансейітовамен кездесу ұйымдастырылады.
– Гүлді өсімдіктердің тозаңынан туындаған аллергияның алдын алу және емдеу жолдарын және кең таралған маусымдық созылмалы ауру туралы айтып береміз. Мамандарға өз сұрақтарыңызды қою және басқа қатысушылармен тәжірибе алмасу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз, – дейді ұйымдастырушылар.
Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.