Павлодарлықтарға саркоманың алдын алу жолдарын түсіндіреді
Саркома – cүйек ұлпасының қатерлі ісігі. Даму мерзімі әр қилы: кейде өте тез, кейде айлап қатерлі ісікке айналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 шілде күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін саркома профилактикасына арналған Ашық есіктер күні өтеді.
– Барлық ниет білдірушілерді онкологпен тегін және алдын ала жазылусыз кеңес алуға шақырамыз.Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет, – дейді ұйымдастырушылар.
Өтетін орны: Российская көшесі, 57/3 ғимарат, А корпусы.
Байланыс телефоны: +7(7182)66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.