Павлодарлықтар «Алғашқы махаббат» комедия қойылымын тегін тамашалай алады

Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры алдағы айдың репертуарын ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өнер сүйер қауым 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, сағат 17:00-де «Күзгі оқиға» трагикомедиясын (авторы – Н.Альдо, режиссері – Ж. Садықов) тамашалай алады.
4 наурыз сағат 16:00-де және 5 наурыз сағат 13:00 мен 18:30-да «Джудит жасаған қиын таңдау» балалар мен ересектерге арналған спектакль-шоу (авторы және режиссері – С. Левицкий, аударған – С. Омаров) көрермендер назарына ұсынылады.
Павлодарлықтар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай сағат 17:00-де «Алғашқы махаббат» комедиясын (авторы – Қ. Жүнісов, режиссері – Ж. Садықов) тегін көре алады.
Театр ұжымы көрермендерді 12 наурыз сағат 13:00-де «Менің атым Қожа» драмасымен (авторы – Б. Соқпақбаев, инсц. авторы – Т.Садықов, режиссері – Ж.Садықов), 13 наурыз сағат 12:00-де және 13:30-да У – сана (авторы – С. Үсібәлі, режиссері – Ж. Садықов) ертегісімен қуантады.
14 наурыз – Көрісу күніне орай сағат 18:30-да «Шәмші» спектакль-концерті (авторы – Н. Тұрлыбек, режиссері – Ә. Ақанов) өнер сүйер қауымның назарына ұсынылады.
Театр қауымы айдың екінші жартысында қала тұрғындары мен қонақтарын 18 наурыз сағат 18:30-да «Кербез келіндер» комедиясымен (авторы – Е. Төлеубай, режиссері – Е. Қауланов), 20 наурыз сағат 18:30-да «Ұждан» әфсанасымен (авторы – Е. Төлеубай, режиссері – Е. Қауланов) қуантады.
22 наурыз – Наурыз мерекесіне орай сағат 11:00-де театр алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылады.
23 наурыз сағат 17:00-де және 27 наурыз сағат 18:30-да «Сезім үшін» лирикалық кеші ( авторы – Н. Тұрлыбек, режиссері – Ә. Ақанов) өтеді. 28 наурыз сағат 12:00-де «Маугли» ертегісі (авторы – Р. Киплинг, режиссері – Д. Төлеубаев) көрермендер назарына ұсынылады.