Павлодарлық оқушылар айтыс өнерін дәріптеді
Айтысқа онға жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық білім бөлімінің мәлімдеуінше, айтыс С.Баязитов атындағы облыстық балалар кітапханасында өтті.
- Шара «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының ұймдастыруымен «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында «Ақындар айтысы» атты қалалық байқауы өткізілді. Оған Кенжекөл ЖОББМ, № 30, 6, 2, 29, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары белсене қатысты, - делінген хабарламада.
Айтыскерлер тәуелсіздік тарихын жақсы білетіндіктерін, жаңа Қазақстанның болашағы өздері екенін көрсетті.
Барлық қатысушылар мен қазылар алқасы сертификаттармен, Алғыс хаттарымен марапатталды.