Павлодарлықтар арқан тартып, садақ атты

Павлодарлықтар арқан тартып, садақ атты

Алғаш рет этномәдени бірлестіктердің басшылары, "Жастар ассамблеясы" және "Қоғамдық келісім" ұжымы бірге жарысқа шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Үш команда бақ сынаған додада спортшылар ұлттық спорт ойындарынан бақ сынады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" деп аталған сайыс бес кезеңнен өтті. Олар асық ойнап, садақ атып, 16 келі гир тасын көтеріп, арқан тартысты. Іс-шара Достық үйінің 15 жылдығына арналды.

Тәжік ЭМҰ төрағасы және "Этноспорт" командасының мүшесі Хусейн Гуловтың айтуынша, Тәжіктерде де осындай ойындар бар.

– Біз қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстым. Онда біздің және қазақ халықтарының мәдениетінде ортақ нәрселер көп екеніне тағы да көзім жетті, - дейді әңгімелесуші.

Беларуссиялық ЭМҰ жастар көшбасшысы Евгений Тристан садақты бірінші рет қолына алып тұрған жоқ. Ол еліміздің барлық тұрғындары қазақ халқының ұлттық ойындарын білуі керек деп есептейді.

- Ойындарға алғаш рет «Достық үйінің» әртүрлі құрылымдары қатысты, - деді "Жастар Ассамблеясы" командасының мүшесі. - Іс-шараның жаңа форматы маған өте ұнады.

"Воля" халықтық казак ансамблінің жетекшісі "Шабыт" командасынан Марина Медведеваның айтуынша,  асық ату айқындықты, қимылдардың үйлестірілуін, жақсы көзді және ептілікті талап етеді.

- Мен 15 ұпай жинадым және осы нәтижеге ризамын, – дейді сұхбаттасушы. – Бұл жарыс бізді одан әрі біріктіріп, әріптестерімізге басқаша қарауға үйретеді.

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" жеңімпазы "Жастар ассамблеясы" командасы болды. Ал екінші орынды "Этноспорт" пен "Шабыт" бөлісті. Барлық қатысушылар жүлделер мен түрлі номинацияларға ие болды.