Павлодарлықтар білім беру грантының иегері атанғанын қалай біле алады?

Павлодарлықтар білім беру грантының иегері атанғанын қалай біле алады?
Фото: pexels.com

Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 99%-ға игерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Грант нәтижелерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық көздерінен және де Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан www.testcenter.kz білуге болады.

Мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлік үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының https://grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін қоса алғанда жүзеге асырылады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында білім беру гранттарының жалпы санының 60%-ы инженерлік және техникалық бағыттар бойынша бөлінді. 

Айта кетейік, биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конкурс нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам грант иегері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алатын болады. 

2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп. Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға жататын балалар үшін заңнамада белгіленген квоталар сақталады. Конкурс қорытындысы бойынша гранттар толығымын 99%-ға игерілді.