Павлодарлықтар мобилографияны тегін үйрене алады

Павлодарлықтар мобилографияны тегін үйрене алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шеберлік сағатында қаланың үздік мобилографы тәжірибесімен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 25 қаңтар күні сағат 15:00-де орталықта мобилографиядан шеберлік сағаты ұйымдастырылады. 

Мобилография - бұл ұялы телефонды құрал ретінде пайдаланатын фотоөнер жанры. Мобилограф смартфонның көмегімен креативті, трендті фотосуреттер мен бейнелерді жасай алуы керек. Сондай-ақ, бұл ХХІ ғасырдың жаңа мамандығы, соның арқасында кез келген адам ақша таба алады. Егер сіз смартфонда түсірудің негіздерін білгіңіз келсе немесе оны көптен бері бастағыңыз келсе, онда жастар бастамаларын дамыту орталығына келіңіз! – дейді ұйымдастырушылар.

Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.

Тәлімгер – @elmira_mobilographer.

Жазылу үшін +7 747 370 90 85 Whatsapp нөміріне жазуға болады.