Павлодарлықтарды IT-мамандықтарымен таныстырады

Павлодарлықтарды IT-мамандықтарымен таныстырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кездесу барысында 4 спикер тәжірибелерімен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Toraighyrov University» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мәлімдеуінше, 13 ақпан күні сағат 10:00-де IT-сарапшыларымен кездесу өткізіледі. 

Олар:

  • Азамат Амантай, 3D Blender модельдеу шебері;
  • Денис Казанцев, тәжірибелі 2D дизайнер;
  • Айман Шаклеина, nocode-әзірлеу сарапшысы;
  • Владимир Шаклеин, Fullstack әзірлеу жөніндегі маман.

Кездесу барысында келушілер IT мансабының әртүрлілігі туралы біліп, құнды білім ала алады және осы динамикалық салада өз құмарлығын табуы мүмкін, – дейді ұйымдастырушылар.

Тіркелу үшін @itschool.tou Instagram-парақшасындағы сілтеме арқылы өту қажет.

Өтетін орны: қалалық IT-мектебі, Ак. Шөкин көшесі, 139.