Павлодарлық белгілі эстрада әншісінің жеке концерті өтеді

Павлодарлық белгілі эстрада әншісінің жеке концерті өтеді

16 ақпан күні Жібек Айтбаева шығармашылық кешін береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

16 ақпан күні сағат 19:00-де Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерттік залында (Н.Назарбаев даңғылы, 1) республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, эстрада әншісі  Жібек Айтбаеваның жек концерті өтеді.

- Жібек Айтбаева өңіріміздің мақтанышына айналған жезтаңдай әншілердің бірегейі. Оның табиғи болмысынан жарасым тапқан, туа біткен әсем дауысы 15 жылдай Ертіс-Баян өңірінің әнсүйер қауымына қуаныш сыйлап келеді. Ән қоржынында көпшіліктің жүрегінен орын тапқан халық әндері мен қазақ,орыс және басқада ұлттардың халық композиторларының әндері бар, - деді облыстық филармонияда.  

«Өмір...» деп аталатын лирикалық кеште Жібек Айтбаева халық әні «Бір бала», Естайдың «Құсни-Қорлан», Б.Тәжібаев пен  Андрей Вознесенский мен Раймонд Паулстың «Миллион алых роз», Б.Омаровтың «Өмір өтті зырғып ағып» және т.б өмірге ынтызарлық сезім тудыратын ерекше әндерді орындайтын болады.

Кеш қонақтары: халықаралық байқаулардың лауреаттары «Қорлан» жетігеншілер ансамблі, «Samіyan», «Tabriz» вокалдық топтары, Серік Рысбек, Caver band «7182» өнер көрсететін болады. 

Анықтама телефоны: 8 (7182) 65-35-56, 68-02-97.