Павлодарлық файтер дұшпандарына не тілейді?

Павлодарлық файтер дұшпандарына не тілейді?
Фото: ашық дереккөздерден

Тұңғыш қазақстандық UFC файтері Мария Агапова Жаңа жылдық тілегімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

- Жаңа 2024 жылы достарым күлсе, дұшпандарым жыласын, - деп жазды Instagram желісіндегі парақшасында файтер қыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mariya Agapova (@mma.mashka)

Соңғы жекпе-жегін Мария Агапова 2022 жылдың қыркүйегінде өткізіп, канадалық Джиллиан Робертсонға жол берді. Оның үстіне жекпе-жек барысында павлодарлық қыз жарақат алды. Спортшы күрделі ота жасатып, он айға созылған оңалтудан өтті. Өз бабына ол тек 2023 жылдың тамызында ене бастады.

Естеріңізде болса, 26 жасар спортшы UFC-де 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Онда бес жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңілді.