Павлодарлық бойжеткен Грузияда қола медаль алды
Қыздар арасында өткен Еуропа олимпиадасының қорытындысы шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәліметінше, Грузияның Цхалтубо қаласында қыздарға арналған математика пәні бойынша Еуропалық олимпиада өтті (European Girls' Mathematical Olympiad).
– Оған әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты. Биылғы оқу жылында төрт адамнан тұратын команда құру үшін ағымдағы жылдың 13-15 ақпанда іріктеу кезеңі өткізілді. Оның қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Анастасия Одинцова республиканың құрама командасының Еуропа Олимпиадасына қатысуға жіберілді, – дейді орталықта.
Жарыс нәтижесінде дарынды Анастасия Одинцова күміс медальге ие болды. Мұғалімі – Л.В. Стадникова.