Павлодарлық бүлдіршіндер мұхит түбін тазалайтын тазалау машиналарын жасады

Халқаралық чемпионатқа бірінші Lego League Discover 4-6 жас санатындағы балалар алғаш рет қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Алматы қаласында «Almaty Tech Cup 2025» ірі халықаралық чемпионаты өтті. Оған үш мыңнан астам қатысушы, соның ішінде елімізден, Үндістан, Түркия, Моңғолия, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан сияқты он елден келген 20 шетелдік команда, жалпы 50 команда қатысты.
Павлодар облысы мектептерінен 13 команда қатысты.
First Lego LEAGUE Explore 6-12 жас санаты бойынша «Сатурн» робототехника мектебінің «Atlantis» командасы абсолютті чемпион атанды.
– Мұндай чемпионатқа бірінші Lego League Discover 4-6 жас санатындағы балалар алғаш рет қатысты. Осы номинациядағы барлық балаларға орын емес, номинациялар берілді, өйткені олар кішкентай және робототехника саласындағы саяхаттары енді басталды, – дейді №111 балабақша тәрбиешісі Антонина Шайхина.
Тәрбиешінің айтуынша, бұл маусымның тақырыбы «Су асты әлемі» болғандықтан, балалармен өз қалаларын салып, оны «Теңіз достарының қаласы» деп атаған. Ол – теңіз жануарлары бір-бірімен және адамдармен үйлесімді өмір сүре алатын бірегей су астындағы қала.
Қала мұхитты таза ұстап, адамдар теңізді оның тұрғындарына кедергі келтірмей зерттей алуы мақсатында табиғатқа көмектесетін қауіпсіз материалдардан салынған.
Балалар мұхит түбін тазалайтын өз тазалау машиналарын жасап, қаланың қалай салынғанын көрсетіп, жобаларын қорғады.
– Сондай-ақ, біздің санаттағы чемпионаттың бір шарты – қозғалатын құрылымды салу. Біз үшін бұл су астындағы қаламызды жылу мен жарықпен қамтамасыз ететін станция болды. Топтық жұмыс сонымен қатар топ атын, ұранын және постер жасауды қамтыды, – деді тәрбиеші.
Тәрбиелеушінің айтуынша, балалар өздері қиып, желімдеп, постерге бөлшектерді қосып жасаған. Дайындық барысында су асты әлемі туралы сурет салып, аппликация жасап, фильмдер көрген. Оған қоса, әр қатысушының инженерлік дәптері болуы талап етіліп, оны балалар өз бетінше толтырған.
– Өткен жылы мұндай шараға бірінші рет қатысып,екінші орынды иелендік. Былтырдан бері балалармен жұмыс істеп жатырмыз. Мен олармен жұмыс істеу барысында жобалауды ғана емес, логикалық ойлауды және жобаны қорғауды үйретемін, – дейді спикер. – Біздің жоба – адам мен табиғат тату өмір сүретін болашаққа қадам.
FIRST Lego LEAGUE Challenge (12-16 жас) санаты бойынша «Innovation Project Award» номинациясын облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатының «Riffmakers» командасы, «Legendary Code Award» номинациясын Ы.Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының «Altynsarin team» командасы жеңіп алды. «Respect and Inclusion Award» номинациясын № 2 мектебінің «RoboHeart» командасы алса, «Best Uniform Award» және «Creative Mechanism Award» номинацияларын Ақтоғай ауданы Абай атындағы ЖОББМ-ның «SteelMind» командасы алып, сонымен бірге «Үздік маскот» арнайы сыйлығын жеңіп алып алған.
Айта кетейік, балалар биылғы жылдың сәуір айында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдамаға ие болды.