Павлодарлық еріктілер балаларды қуантуға көмектеседі

Павлодарлық еріктілер балаларды қуантуға көмектеседі
Фото: pexels.com/Kaboompics.com

Акция Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» іздестіру жасағының еріктілері павлодарлықтарды мейірімділік акциясына қатысуға және мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қуантуға шақырады. 

– Бізге тәттілер, сусындар, кондитерлік өнімдер, сондай-ақ, ойыншықтардың барлық түрлері қажет (шарлар, гауһар мозайка, жағуға арналған тақталар, қуыршақтар, машиналар және тағы басқа). Бұдан басқа велосипед пен самокаттар, кез-келген көлемдегі музыкалық колонкалар мен құлаққаптар, флэш-дискілер,сондай-ақ, 22 косметикалық жиынтық қажет, – деп атап өтті еріктілер.

Балаларға сыйлықтарды Жастар бастамаларын дамыту орталығына әкелуге болады. Орталықта ойыншықтар «VITA» үшін тапсырылатынын нақтылау керек.

30 мамырда еріктілер облыстың балалар психоневрологиялық орталығына, 1 маусымда Успен және Розовка балалар үйлеріне барады.