Павлодарлық футболшылар «Ертіс» туының астына жиналуда

Павлодарлық футболшылар «Ертіс» туының астына жиналуда
Фото: Ольга Бугаева

Маусымның аяқталуын күтпестен «Ертіс» келесі жылға құрамды жасақтай бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екі ойыншы қазірдің өзінде қайта жаңғырған командаға көшті. Бірінші болып астаналық «Жеңісте» маусымды өткізген ардагер қақпашы Никита Калмыков болды. 35 жастағы қақпашы елордалық команда құрамында Премьер-лигада алты матч өткізді. Павлодарлық «Қайратқа» қарсы матчты сәтті өткізді: Алматыда ол бірнеше есте қаларлық сейвтермен көзге түсті. 

Павлодар футболының түлегі 2009-2015 жылдары, сондай-ақ 2017-2020 жылдары «Ертіс» сапында ойнап, барлығы 53 матч өткізді. «Ақсуда» қақпашы 2020-2021 жылдары ойнады.

«Ертіс» жақында тағы бір түлегімен қатарын толықтырды. Клубпен келісімшартқа «Екібастұздың» бұрынғы ойыншысы Тамерлан Ағыманов қол қойды. Биылғы жылы Бірінші лигада кеншілер үшін ойнаған креативті жартылай қорғаушы «гол+пас» жүйесі бойынша 13 ұпай жинап, өзін ең жақсы жағынан көрсетті. Қазір Тамерлан Ағыманов небәрі 18 жаста. 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы жартылай қорғаушы «Тобылға» қарсы матчта «Ақсу» құрамында алаңға шығып, Премьер-лига тарихындағы ең жас ойыншы атанды. Сол кезде Тамерлан Ағыманов 15 жаста болған еді. 

Айта кетейік, «Ертіспен» келісімшартты орталық қорғаушы Бақтияр Төлеуов пен биыл шабуылшы позициясында ойнаған ардагер Руслан Есімов ұзартты.