Павлодарда кальян әуесқойлары бір миллион теңгеден астам сомаға жазаланды

Павлодарда кальян әуесқойлары бір миллион теңгеден астам сомаға жазаланды
Фото: pexels.com

8 мекеме басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция депаратаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен демалыс күндері рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде кальян шегудің 15 фактісінің жолын кесті. 

Мысалы, Павлодарда Ломов көшесінде орналасқан Botanica мекемесінде ер адам келушілерге кальян ұсыну темекі жылытқышы бар қоспаны тұтатқан. Дәл осындай жағдай Екібастұздағы Kam kalliano, Haze және Kам House мекемелерінде де болды.

ҚР заңнамасында темекі бұйымдарын, кальян қоспасын, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды белгіленген жерлерде тұтынуға тыйым салынады. 

– Құқық бұзушылар жазаланды. Әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, 20 АЕК көлемінде айыппұл салумен 8 мекеме басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, –деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов. 

Тәртіп сақшысы жыл басынан бері жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен электрондық темекіні тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 33 құқық бұзушы жауапқа тартылғанын атап өтті.