Павлодарлық дәрігер балалардың тамағына жауакершілікпен қарауға шақырады

Павлодарлық дәрігер балалардың тамағына жауакершілікпен қарауға шақырады
Фото: жасанды интеллект

Жазғы кезеңде балалар көшеде ұзақ уақыт жүреді, жүрек жалғау ретінде «зиянды» тағамдар мен қантты сусындарды пайдаланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының денсаулық сақтау саласының бас штаттан тыс балалар гастроэнтерологы Сәуле Штаева тыйым салу мен бас тартуды ғана емес, баламалы тамақтануды да ұсынады.

– Балалар жүгіреді, секіреді, қарындары тоқ болса да бірдеңе жегілері келеді. Ондай кезде көкөністер, жемістер, пайдалы табиғи сусындар – шырындар, компоттар, жеміс сусындарын берген жөн, – дейді дәрігер.

Дәрігер қыңырлық пен ашулану манипуляция екенін ескертеді. 

– Балалар біледі: егер олар айқайлап, аяқтарын жерге соғып, дүкенде «концерт» ұйымдастырса, өз дегендеріне жетеді, – дейді Сәуле Штаева. –  Осы психологиялық жекпе-жектің екі күніне шыдап, ата-ананың айтқаны дұрыс екенін оның сұрауына көнбей дәлелдеу керек. Үшінші күні бала сол заттарды сұраудың пайдасы жоқ екенін өзі-ақ түсінеді және сұрамайды. 

Дәрігер баланы дұрыс тамақтану және демалу режимімен қамтамасыз етуді ұсынады. Ол жақсы таңғы ас ішуі керек. Жақсы тамақтанған балада энергия болады, сонда зиянды тамақ жеуге деген ұмтылыс азаяды. 

Гастроэнтеролог тіпті кәмпиттердің кері салдары бар екенін атап өтті.   

– Қазір табиғи кәмпиттер өте көп – пастила, желе – бірақ оларды да шамадан тыс жеудің қажеті жоқ, – дейді дәрігер. – Біріншіден, тістер зардап шегеді, кариес асқазан-ішек жолдарының ауруларының басталуына әсер етеді.

Екіншіден, жеңіл көмірсулар ішекке еніп, қажетсіз бактериялар — стафилококктар, энтерококктар өсетін ашытуды тудырады. Олар өз кезегінде иммунитет пен қалыпты ас қорытуға жауап беретін сау бактериялардың антагонистері болып табылады.

Сонымен қатар, тәтті тағам лямблияның тез көбеюіне әсер етеді. 

– Бұл қарапайым паразиттер адамдарда әрқашан аз мөлшерде өмір сүреді. Бес миллион емес, бесеуі болуы керек, – дейді ол.

Көп мөлшерде олар жұқа ішектің барлық ферментативті қабатты толығымен «кесіп тастайды» және барлық қоректік заттар төмендейді. Бала энергетикалық және витаминдік тепе-теңдікті жоғалтады. Нәтижесінде тез шаршау, іштің қабынуы және ауыруы орын алады.

– Бір қарағанда, жәй ғана тәтті бәліш немесе кәмпит. Бірақ олар ас қорытудың патологиялық бұзылуына әкеп соғады, – деп қорытындылады дәрігер.

Сәуле Штаева егер мұндай мұндай жағдай күн сайын орын алса, онда балалар емханалардың пациенттері қатарына қосылады екенін атап өтті. 18-20 жаста оларға асқазанның ойық жарасы, қант диабеті, холецистит, панкреатит, бактериялардың көбеюі синдромы, тітіркенген ішек синдромы диагноздары қойылады. Дәрігердің айтуынша, ХХІ ғасырдың барлық аурулары, өкінішке орай, жасаруда.