Павлодарлық кәсіпорынға қоршаған ортаға келтірілетін зиян үшін тым жоғары салық салынды
«Атамекен» палатасы оған салықтың заңды мөлшерін қорғауға көмектесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «KSP Steel» ЖШС Кәсіпкерлер палатасына қоршаған ортаға эмиссия үшін салықтың шамадан тыс жоғары мөлшерлемесі негізсіз қолданылғанын хабарлады.
– Камералдық бақылау нәтижелері бойынша кәсіпорынға қатысты жеті ескерту жасалып, олар бойынша 557,5 млн.теңге сомасында қосымша салық төлемдері есептелді. Қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің 576-бабы 6-тармағының 1, 2 және 3-тармақшаларына сүйене отырып, қождың әрбір тоннасы үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық мөлшерлемесін қолданды, – дейді баспасөз орталығында.
Облыстық «Атамекен» палатасында бұл кәсіпорынға эмиссиялар үшін салық ставкасы бір тонна қож үшін 0,019 АЕК (70 теңге, 1 АЕК – 3692 теңге) болуы тиіс екендігі түсіндірілді.
Бірақ салық органы бұл түсініктемелерді қабылдамады.
Облыс прокурорының қатысуымен Бизнесті қорғау жұмысы барысында ӨКП қызметкерлері «дөңгелек үстелде» кездесу өткізіп, осы мәселені қарастырды. Отырыста мұндай салық мөлшерін есептеу үшін негіздеме қауіптіліктің жасыл деңгейі шикізат болат балқытатын қож өндірісінің қалдықтарына салық мөлшерлемесін дұрыс қолданбау болып табылды.
Яғни, салықтық әкімшілендіру шаралары заңсыз болды.
Прокуратураның көмегімен берілген түсіндірмелерді салық органы қабылдады, ал қойылған хабарламалар тиісті мөлшерде орындалды. 557,5 миллион теңге сомасына салық төлемдерін есептеу жойылды.