Павлодарлық олимпиадалықтар жеңіске жетудің сырларымен бөлісті

Павлодарлық олимпиадалықтар жеңіске жетудің сырларымен бөлісті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оларға еңбекқорлық пен адалдық жатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұған Ертіс ауданындағы Панфилов атындағы орта мектептің түлегі Гүлназ Большикова сенімді.

Қазақша оқытатын мектепте орыс тілінен ауыл оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың алтын жүлдегері табысының сырымен бөлісті.

– Маған нәтижеге жетуге мүмкіндік берген маңызды қасиеттер – табандылық, талпыныс және тәртіп, – деп Гүлназ өз тәжірибесімен бөлісті. – Уақытты дұрыс пайдаланып, дайындалып, өзіне сену керек.

Онымен Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің математика пәнінен Еуропалық олимпиада, халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы, Азия-Тынық мұхиты, халықаралық Жәутіков олимпиадасы және республикалық математика олимпиадасының жеңімпазы Анастасия Одинцова келіседі.

– Жетістікке жету үшін мүмкіндігінше көп жұмыс істеу керек, бірақ арасында демалып тұруға болады, – дейді мектеп оқушысы. – Дамуға деген ұмтылыс маңызды қасиет болып табылады, сонымен қатар өз пәніне, мен үшін математикаға деген сүйіспеншілік.

Естеріңізге сала кетейік, биыл облыс оқушылары 200-ден астам медаль жеңіп алды. Оның ішінде 35-і халықаралық деңгейдегі жүлделер. Өңір басшысы Асайын Байханов 60 дарынды мектеп оқушысы мен 45 ұстазды құттықтап, ақшалай сыйлық табыстады.