Павлодарлық оқушылар ағаш көшеттері мен гүлдер отырғызды
Павлодар облысында "Жасыл мекен" республикалық челленджі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция оқушыларға экологиялық мәдениетті, табиғатқа ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруға үйретуге бағытталған.
Челленджге 20 мыңнан астам оқушы, студенттер мен ата-аналар қатысты. Акция аясында 15 мыңнан астам көшет отырғызылды.
- Мысалы, Павлодардың балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы 200-ден астам қылқан жапырақты көшетті, ал ақсулық эко – техноорталығының тәрбиеленушілері 100-ден астам жеміс-жидек көшеттерін отырғызды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Павлодар оқушылары екі мыңнан астам , ал Шарбақты ауданының оқушылары 700 – ден астам ағаш көшетін отырғызды. Ал Б.Ахметов атындағы колледждің студенттері 90 раушан, Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі 250 – ден астам петуния мен марихольд екті.