Ұлттық мұра: Павлодар облысында бейне байқау жарияланды
Байқаудың жеңімпазына сыйлыққа дрон беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының хабарлауынша, бейне роликтерде облысымыздың сұлулығы, мәдениеті мен ұлттық мұрасы көрсетілуі тиіс.
– Жұмыс толығымен өздігінен жасалуы керек және интернетте бар материалды пайдалануға тыйым салынады. Конкурсқа қатысуға тек аяқталған түпнұсқа туындылар қабылданады,– делінген хабарламада.
Бейне өлшемінің ажыратымдылығы mp4, MOV форматында кем3нде 1920*1080, ұзақтығы екі және үш минуттан аспауы тиіс. Арнайы эффектілерді, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын қатаң сақтай отырып, көркем, музыкалық, сахналық, қойылымдық, бейне және аудио материалдарды пайдалануға жол беріледі.
– Байқау шарттарының бірі–бұл бейне роликті инстаграмдағы парақшаға орналастыру және #crmiközqaras хэштегі бойынша орталықтың аккаунтын белгілеу,– делінген хабарламада.
«KÖZQARAS» байқауына қатысу үшін өтінімді kgu_crmi@mail.ru электрондық мекенжайға бейне-материал түрінде жіберуі немесе қатысушы материалды USB флэш-дискісінде ұсынуы керек. Конкурс туралы толық ақпаратты 66-12-45, 8 (705) 811-83-22 телефоны бойынша білуге болады.