Павлодар облысында мектептерде соңғы қоңырау күні ауыстырылды

Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.
Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейді.