Павлодарлық оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттер салды
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» балалар суреттеріне 5-11-сыныптардың 135 оқушысы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Оның ішінде № 11, 14, 39, 21, 31, 33, 18, 17, 2, 26, 43, 34, 41, № 32, С. Торайғыров атындағы, Р. Нұртазина атындағы, Ж. Ташенев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Ш. Шөкин атындағы, Кенжекөл, «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының шәкірттері бар.
– Қатысушылар графика және кескіндеме техникасында «Сурет», «Плакат» номинациялары бойынша 100-ден астам жұмыстарды ұсынды, – дейді қазылар алқасының төрағасы Ерсін Тақырбасов. – Байқау тақырыбы балалардың қабылдауы үшін өте күрделі болғанымен, қатысушылар ойдағыдай орындап шықты.
Мектеп директорының орынбасары Инна Масленникованың айтуынша, оқушылар «Парасаттылық пен адалдық» тақырыбын өте жақсы аша алды, бұл суреттердің әртүрлі сюжеттерінен көрінеді.
– Олардың педагогтері сыбайлас жемқорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың не екенін дұрыс түсіндіре білді, – дейді мектеп директорының орынбасары Инна Масленникова.
Бірінші орынды үш қатысушы – №2 ЖОМ оқушысы Саяжан Жасталап, №14 ЖОМ оқушысы Ксения Больгер, «Жігер» орталығының тәрбиеленушісі Дмитрий Богданов иеленді.