Павлодар облысында сауда жасайтын жеке кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында сауда жасайтын жеке кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды
Фото: Константин Шелков

Жоспардан тыс бес тексеру жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін сақтау бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама енгізілді. 

Аталмыш іс-шара күнбағыс майының (680 тг/кг – нан 650 тг/кг-ға дейін), қарақұмық жармасының (320 тг/кг-нан 280 тг/кг-ға дейін), түйіршіктелген қанттың (500 тг/кг-нан 400 тг/кг-ға дейін), ұнтақталған күріштің (дөңгелек дәнді, салмақ) (720 тг/кг-нан 600-ге дейін) бағаларын төмендетуге мүмкіндік берді. 

– Осыған байланысты бес жеке кәсіпкер ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп жазылған хабарламада.

«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді. 

Айта кетейік, Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.