Павлодарда Шәкен Аймановты еске алу кеші өтеді

Павлодарда Шәкен Аймановты еске алу кеші өтеді

Қазақтың әйгілі актеры, әрі режиссері Шәкен Аймановтың туғанына 109 жыл толуына орай "Қазақ киносының сәні" атты тақырыптық кеш өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақ тарихында Шәкен Аймановтың есімі танымал актер, театр және кино режиссері ретінде алтын әріппен жазылып қалды. Ол отандық киноиндустрияның негізін қалаушы. Ол көрермендерге "Біздің сүйікті дәрігер", "Тақиялы періште", "Атаманның ақыры" және қазақ киносының классикасына айналған көптеген фильмдерді сыйға тартты.

Кеште кәсіби актерлер, қоғам қайраткерлері, ЖОО студенттері болады.

Іс-шара 15 ақпан күні сағат 15.00-де Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтеді.