Павлодарлық оқушылар қысқы спартакиадада шеберліктерін көрсетті

Қазақстанның барлық өңірлерінен 14 пен 17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алматы қаласында Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубында «Жас сарбаз» әскери -патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында «Қалқан» ІV республикалық қысқы спартакиадасы өтті.
Жарыс үш шақырымға шаңғы тебу, пневматикалық мылтықтан оқ ату, белтемірте тартылу, денені арқаға жатып көтеру сайыстарынан тұрды.
14-15 жас аралығындағы ұлдар арасында белтемірде тартылу бойынша Шарбақты ауданы Галкин мектебінің оқушысы Арман Сәрсенбаев екінші орынды, қыздар арасында 14-15 жас аралығындағы шаңғы жарысы бойынша Ертіс ауданы Қызылжар мектебінің оқушысы Валерия Побегаева үшінші орынды иеленді. Ал барлық кезеңдерінің жалпы қортындысына сәйкес ұлдар арасында Арман Сәрсенбаев үшінші орын, қыздар арасында Валерия Побегаева екінші орын алды.
Командалық есепте Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Алматы қаласының командасы, үшінші орынды Ақмола облысының командасы иеленді.
Қатысушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі Армия үйінде өтті