Павлодарлық палуандар ерте «есейетін» болды

Павлодарлық палуандар ерте «есейетін» болды
Фото: cottonbro studio

ҚР Туризм және спорт министрлігі сәйкес шешім қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері нормативтік құқықтық актілерді, заң жобаларын әзірлеуге және туризм, спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметі саласын дамытуға байланысты өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысып келеді. Кеңес мүшелері бірқатар ережелерді қарастырып, оларға өзгеріс енгізді.

Айталық, спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрық өзгеріске ұшырады. 

Мәселен, грек-рим күресінде жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді, дзюдода жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді, горт-тректе балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.

Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.