Ақсу боксшылары халықаралық турнирден жүлдемен оралды

Ақсу боксшылары халықаралық турнирден жүлдемен оралды
Фото: Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі

Спортшылар бір алтын және екі қола медальға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 19-23 маусым аралығында Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында бокстан ашық халықаралық турнир өтті. 

Турнирге Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ирландия, Үндістаннан 900-ге жуық боксшы және еліміздің спортшылары қатысты.

«Арман» спорт клубының боксшылары жақсы нәтиже көрсетті, атап айтқанда, 50 келі салмақ дәрежесінде Глеб Филиппов 1-орын, 38 келі салмақ дәрежесінде Әли Мукушев және +69 келі салмақ дәрежесінде Богдан Евграшин 3-орын алды. Жаттықтырушысы Джустан Нарсавидзе, – делінген хабарламада.

Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі боксшыларды тамаша нәтижемен құттықтап, жаңа белестер бағындыруды тіледі.