Павлодарлық палуандар Қазақстан чемпионатында үздік атанды

Павлодарлық палуандар Қазақстан чемпионатында үздік атанды
Фото: Константин Шелков

Жеңімпаздар енді әлем біріншілігіне дайындалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Дене шынықтыру және спорт  басқармасының мәліметінше, грэпплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 

Алик Домнич - нағыз жауынгер. Ол ММА, панкратион бойынша қатысатын барлық турнирлерде жеңіске жетеді, ендігі кезекте грэпплингтен бақ сынамақ. Оның айтуынша, осы жеңісі арқылы жаттықтыратын оқушыларына берген уәдесінде тұрды.  Өйткені, олар үшін жаттықтырушысы – нағыз үлгі. 100 килограмм салмақ траекториясында үш жеңісте де алтынға қол жеткізді.

– Қарсыласым төрт жыл қатарынан көш бастауда. Ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Әлем чемпионатына үнемі қатысады. Сонымен тактикалық жұмыс істедім, аудардым және үстемдік еттім,  – дейді Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Алик Домнич.

Оның айтуынша, жарыста оқушылары, ардагерлері мен жастары өнер көрсеткен. Сол себепті, ұтылу мүмкіндігі де болмаған. 

– Мен оларға үйрететін стилім мен күресімді көрсетуім керек еді, – дейді ол.

Сондай-ақ, грепплинг бойынша Қазақстан чемпионы Аида Жетпісова атанды. Ардагерлер арасында күресте Құдайберген Игіліков, Дәрмен Төлебаев және Асылбек Ровшановқа тең қарсыластар болған жоқ.

Ал қатысушылардың бірі үшін турнир жекпе-жектің кәсіби мансабына тамаша шолу болды.