«Ертіс» Қазақстан «футбол кадрларының шеберханасымен» ойнайды

Павлодардың қарсыласы жарап тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ринат Әлеуетов шәкірттерін сырт алаңда алматылық «Қайрат-Жастармен» қиын ойын күтіп тұр. Қазір Қазақстанның және шетелдің жасыл алаңдарында жарқырап жүрген отандық футболдың көптеген жұлдыздары кәсіби мансабын осы командада бастады. Мысалға Дастан Сәтбаевты келтірсек те жеткілікті.
«Қайраттың» тәрбиеленушілері еліміздің барлығы дерлік клубтарының сапында, тіпті «Ертісте» де бар. Алматылық жастар сапында бүгінде туған командасында қосалқы құрамнан шықпайтын павлодарлық Александр Бовкун өнер көрсетті. Қарама-қарсы мысалдар да бар. «Қайрат-Жастар» сапында павлодарлық жартылай қорғаушы Шыңғыс Дүйсенбек өнер көрсетеді. Сырт келбеті мен ойын мәнері Андреа Пирлоны елестететін жартылай қорғаушы алматылық командада «нөмірі алты» позициясында ойнайды және еңбекқорлығымен ерекшеленеді.
Соңғы бес кездесуде «Қайрат» жастары төрт рет жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түскен. Алдыңғы айналымда «Қайрат-Жастар» «Хан Тәңірі» деп аталатын жерлестерін ұтқан болатын. Команда бесінші орында, бірақ бұл маңызды емес. Ұжымның басты міндеті – жасөспірімдерді ересектер футболына кірер алдында сынау.
«Қайрат-Жастар» – «Ертіс» ойыны 24 шілдеде өтеді. Матч 17.00-де басталады. Тікелей көрсетілім кәсіби лиганың ресми YouTube арнасы KFF League-те қолжетімді.