Павлодарлық полицей самбодан ҚР ІІМ чемпионатының қола жүлдесін алды

Павлодарлық полицей самбодан ҚР ІІМ чемпионатының қола жүлдесін алды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Аталмыш жарыс Шымкент қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау саласында 2017 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Еркебұлан Егінбаев басқа өңірден барған кәсіби қарсыластарын 98 келі салмақ дәрежесіне дейін жеңіп, «қола» медаль жеңіп алды.

– Самбо бұл – физикалық қана емес, психологиялық және интеллектуалдық қасиеттерді дамытатын көптеген техникалық әрекеттерді біріктіретін жан-жақты спорт түрі. Мұнда тек көп жұмыс істеп қана қоймай, ойлануыңыз керек. Физикалық және психологиялық тұрғыдан қиынға түсті. Көптеген мықты қарсыластармен күресу қиын, бірақ қызықты болды, – дейді Еркебұлан Егінбаев.

Жарыс қорытындысы бойынша тұғырдың үшінші сатысына шыққан ол келесі жолы  бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысатынын айтады.

33 жастағы самбодан Азия кубогының чемпионы бала кезінен спортпен шұғылданады.

Таңнұр Әленқызы