Павлодарлық полицейлер Наурыз мейрамын әсем әнмен қарсы алды

Жергілікті жұлдыздар көктем, табиғаттың жаңаруы туралы әндер шырқады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің ғимаратында таңертең ерте ұлттық леп сезіліп тұрды: әсем әуенмен кіреберісте келушілерді ұлттық костюм киген қызметкерлер қарсы алды. Тәртіп сақшылары үшін мол дастархан жайылды. Үстелге ұлттық нақышта жасалған және ою-өрнектермен безендірілген ыдыс-аяқтарда тағамдар, Наурыз көже және ыстық бауырсақ қойылды.
Облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр жеке құрамды берекелі Наурызбен құттықтады.
– Наурыз мейрамы – бірлікті, бейбітшілікті және көктемгі жаңаруды бейнелейтін мереке, ол әрбір қазақстандыққа қымбат және қоғамдағы бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, жақсылық пен амандық тілеймін, – деді ведомство бастығы.
Дәмді тағамдардан басқа, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сахнада қазақ өмірі мен дүниетанымының символы – домбырада әсем әндер мен қобыз әуендері, билер концерттің көркін қыздыра түсті.
Полиция қызметкерлері алдағы мереке күндері қонақтар мен павлодарлықтардың тыныш демалысы үшін қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті.