Екібастұзда екі кішкентай бала пәтерде қамалып, көмек сұрады
Құтқарушылар екі минутта есік ашты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 08:09-да Екібастұз қаласының тұрғыны құтқарушылардан көмек сұрады. Тұрғын үй пәтерінде кіреберіс есік жабылып қалып, ішінде 2024 және 2011 жылы туған кішкентай балалар қамалып қалды.
– Шақыруға шыққан құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен екі минут ішінде есікті ашты. Анасы үйіне кіріп, балаларын құшағына алды,– деді департаментте.
Балалар зардап шеккен жоқ.