Екібастұзда жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Екібастұзда жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Константин Шелков

Жөндеу жұмыстары кезінде учаскелер жылудан ажыратылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нің мәліметінше, 13 ақпанда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Ә.Молдағұлова көшесі, 102-ші үйдегі орамішілік жылу желісі арқылы жылу беруді тоқтату жоспарлануда. 

Кәсіпорын қызметкерлері ысырмаларды бөлшектеп, құбырды шайып тазалау жұмыстарын жүргізуде.