Павлодар облысында барлық бағдаршам «тыныштандыру режиміне» көшеді
Эксперимент аясында енгізілген жаңашылдық толығымен іске қосылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров мәлім етті.
– Бұған дейін Н.Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысында тест режимінде «бағдаршамды тыныштандыру» енгізілген болатын. Бұл әдіс жақсы нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта облыста барлық бағдаршамды осы режимге көшіру жоспарланып отыр, – деді Жасқайрат Қайыров.
Оның сөзінше, «бағдаршамды тыныштандыру» режимі кезінде қиылыстағы қызыл түстің бір уақытта жануы қауіпсіз және кедергісіз бұрылысты орындауды қамтамасыз етеді.