Павлодарлық спортшылар тоғызқұмалақтан халықаралық турнирде жүлде алды
Жарыс әлемдік деңгейдегі жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Жарысқа 130 спортшы қатысты.
Павлодар облысының ЖСШМ спортшылары додалы бәсекеде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды. Ринат Керейбаев пен Жамиля Баилдяшева классикадан екінші орынды иеленді.