Павлодарлық студент «Білімнің жұлдызы» атағына үміткер атанды

Павлодарлық студент «Білімнің жұлдызы» атағына үміткер атанды
Фото: Константин Шелков

Республикалық байқауда мыңға жуық студент сынға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Республикалық «Білімнің жұлдыздары» байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындары мен колледждерінен 937 студент қатысты. Зияткерлік сайыста Павлодар облысының атынан Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенті Нұрайлым Сағадат қатысты.

Байқау нәтижесінде Нұрайлым жеңімпаздар қатарынан көрініп, Астанада өтетін «Білімнің жұлдыздары» республикалық жастар форумына шақырту алды.

– Мен, Баянауылдың қарапайым қызымын, Астанаға Форумға жолдама алдым. Мұндай жетістікті тіпті  армандамаған едім, – дейді студент.

Нұрайлым Сағадат – «Ерте жастағы балаларды оқыту және оқыту» мамандығының бірінші курс студенті. Бойжеткен колледждің студенттік парламентінің «Экология және еңбек» фракциясының белсендісі және жетекшісі.