Павлодар облысында тұңғыш академиктің мерейтойына орай көшпелі көрме өтеді
Биыл қазақтан шыққан тұңғыш академик ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің туғанына 125 жыл толып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
24 қаңтарда сағат 10:00-де Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында «Қазақтың Қанышына – 125 жыл» атты көшпелі көрмесі ашылады. Экспонаттар Баянауылдағы мемориалдық мұражайынан әкелінеді.
Академиктің Баянауылдағы мұражайы 1964 жылы ашылған. Биыл оның құрылғанына 60 жыл толады.
Көшпелі көрмеде таутұлғаның 30-ға жуық жәдігері ұсынылады. Оның ішінде Қаныш Имантайұлының пайдаланған заттары, Алгебра оқулығы, домбырасы мен құжаттары, минералды тастар жиынтығы бар.